ҮНДЕСТІК ПЕН ҮЙЛЕСІМ (ЖЫЛҚАЙДАРҰЛЫ ЖОЛБАРЫСТЫҢ БАТЫРЛЫҚ БОЛМЫСЫ)
DOI:
https://doi.org/10.55956/BMBE6005Тірек сөздер:
шежірешілдік, жыр-толғау, аңыз-әңгіме, үндестік, шешендік өнер, сөз өнеріАңдатпа
Ұлт тарихнамасына жіті ден қойсақ, арғы-бергі кезеңдерде жасаған даңқты тұлғалар, танымал хандар мен батырлар, ақын-жыраулар мен би-шешендер, елбасылар мен қолбасылар, ардақты аналар, атақты адамдар, өнегелі өмір иелері көп-ақ. Олар, әсіресе ел амандығын, жер бүтіндігін, отан мен отбасы бірлігін, тарих пен таным тоғысын, өмір өрімін, тәлім-тәрбие мәнін, татулық пен тұтастық миссиясын адал атқарды (мысалы, Еділ (Аттила) қаған, Бәйдібек, Домалақ ана, Күлтегін, Тоныкөк, Қорқыт, Әбу Насыр әл-Фараби, Қарахан, Айша бибі, Қарабура, Ж. Баласағұн, Қ.А. Ясауи, Майқы би, Байбарыс сұлтан, Асан қайғы, Жиренше шешен, Керей хан, Жәнібек хан, Төле, Қазыбек, Әйтеке билер, Бұқар жырау, С. Датұлы, Бөлтірік шешен, М. Өтемісұлы, С. Аронұлы, Жамбыл, Ыбырай, Абай, Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытұлы, Т. Рысқұлов, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсрепов, Ә. Қастеев, А. Жұбанов, Б. Момышұлы, Д. Қонаев, К. Бәйсейітова, Н. Тілендиев, Т. Әубәкіров т.б.). Мұның, әсіресе қазіргі кезеңде мәні артып, маңызы айрықша болып табылады. Тәуелсіздік діңгегі, Жаңа Қазақстанның талап-тілегі де ел дамуын қамтамасыз ету, ататарихқа құрмет, әлемдік үдерістерге, өркениет өрісіне сай болу екендігі анық. Мұның мәнісі: ұлт тарихнамасына адалдық, адам өмірі мен еңбегіне құрмет, елдік-ерлік дәстүрге беріктік, тәлімді тәрбие өрісіне саяды.
Библиографиялық сілтемелер
1. Назарбаев, Н. Абай аманаты. - «Астана ақшамы», 2020, 8 қазан. - 3 б.
2. Тоқаев, Қ.Ж. Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан. - «Егемен Қазақстан», 2020, 9 қаңтар. – 3 б.
3. Тоқаев, Қ.Ж. Абай – рухани реформатор – «Егемен Қазақстан», 2020 , 10 тамыз. – 2 б.
4. Көпеев, М.Ж. Қазақ шежіресі [Мәтін] / М.Ж. Көпеев. – Алматы, 1993. - 96 б.
5. Сейдімбек, А. Қазақтың ауызша тарихы. Шежірелік деректерді пайымдау. [Мәтін] / А.Сейдімбек. – Астана: Фолиант, 2008. – 13 б.
6. Жолдасбекұлы, М. Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары [Мәтін] / М.Жолдасбеков, Қ.Салғараұлы, А.Сейдімбек. – Астана: Күлтегін, 2001. – 3 б.
7. Қасқабасов, С. Таңдамалы. [Мәтін] / С.Қасқабасов - Астана: Фолиант, 2014. - 300-301 б.
8. Өксікбаев, О. Елін сүйген ерен ер.- «Егемен Қазақстан», 2021, 18 мамыр. – 7 б.
9. Негимов, С. Жолбарыс би. - «Қазақ әдебиеті», 2021, 16 сәуір. – 4 б.
10. Әуезов, М. Әдебиет тарихы. - Алматы: Ана тілі, 1991. – 191 б.
11. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық [Мәтін] / Қазақ әдебиеті - Алматы: Аруна, 2005. – 555 б.
12. Сүйіншәлиев, Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Оқулық [Мәтін] / Х.Сүйіншәлиев- Алматы: Санат, 1997. – 312 б.
13. Мұртаза, Ш. Намыс найзағайы [Мәтін] / Ш.Мұртаза – Астана, 2017. – 156 б.
14. Кекілбаев, Ә. Дәуір дауысы [Мәтін] / Ә.Кекілбев – Астана, 2016. – 179 б.