ҰЛЫ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ЖАС ҰРПАҚҚА ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.55956/Тірек сөздер:
Абай Құнанбайұлының қарасөздеріАңдатпа
Мақалада жас ұрпақтың ой-санасының қалыптасу барысында оған әсер ететін факторлар, ішкі және сыртқы әсерлер, материалдық және рухани құндылықтар қарастырылады. Адамды басқа тіршілік иелерінен ажыратып тұрған саналылығымен қатар, оның болмысы, рухани кемелденуі - қазақ зиялысы ақын Абайдың шығармаларында арқау болған негізгі мәселе. Бұл мақалада Абайдың терең тағылымының бірі – «Толық адам» ілімі дәріптеледі. Адамзатқа тән құндықтардың ең бағалысын - руханилықты жүректің туындысы деп есептейді. Ақынның бай мұрасындағы құндылықтар концепциясының келешек ұрпаққа берері мол.
«Ұлы Абай шығармаларындағы педагогикалық-психологиялық ойлардың жас ұрпаққа әсері» атты мақалада қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармаларындағы тәрбие мен білім мәселелеріне арналған терең педагогикалық және психологиялық ойлар талданып, жас ұрпақ тәрбиесіне қосатын ықпалы қарастырылады. Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде адамгершілік, білім мен еңбекке деген сүйіспеншілік, рухани байлық пен моральдық құндылықтар мәселелері кеңінен сөз болады. Автор осы шығармалар арқылы жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеудің, олардың тұлғалық дамуын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтеді. Мақалада Абайдың педагогикалық және психологиялық көзқарастарының қазіргі заманғы білім беру жүйесіндегі орны, жас ұрпақтың жан дүниесін терең түсіну және тәрбиелеу тұрғысынан оның шығармаларының мәні ашылады.
Библиографиялық сілтемелер
Адам - жоғарғы психикалық қызметті арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі әрі сол қоғамдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы. Адам туралы айтсақ, оларды қосатын, байланыстыратын дәнекер тұтқа адамгершілік болып табылады. Адамгершілік - рухани тұтастықтың бір бөлшегі [1].
«Жетінші сөзінде» жан мен тән құмарлығын, адамгершілік имандылық жолындағы асыл сапаларды дамытуға арналған ұлағаты қазіргі және болашақтағы ұлттық-отаншылдық, мемлекеттік мұраттардың орындалуына мәңгілік бағдар бола береді [2].
Абайдың көптеген шығармаларында идеализм көрініс береді. Идеализм – материалдық және һәм физикалық дүниеден тыс рухани әлем бар деген иланым [3].
Канадалық танымал психолог коуч әрі жазушы Джон Кехо өзінің әйгілі «Подсознание может все» атты еңбегінде бейсананың мүмкіндігінің шексіз екендігін айтылады [5].