З.ҚАБДОЛОВТЫҢ «МЕНІҢ ӘУЕЗОВІМ» РОМАН-ЭССЕСІНДЕГІ ТҰЛҒА ЖАСАУДАҒЫ ПОРТРЕТ ПЕН ДИАЛОГТІҢ КӨРКЕМДІК ҚЫЗМЕТІ

З.ҚАБДОЛОВТЫҢ «МЕНІҢ ӘУЕЗОВІМ» РОМАН-ЭССЕСІНДЕГІ ТҰЛҒА ЖАСАУДАҒЫ ПОРТРЕТ ПЕН ДИАЛОГТІҢ КӨРКЕМДІК ҚЫЗМЕТІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55956/

Тірек сөздер:

роман-эссе, портрет, диалог,, автор образы, автор және кейіпкер тұлғасы, ұлттық бояу

Аңдатпа

Қазіргі қазақ романының жанрлық түрленуінің бір көрінісі - Зейнолла Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-эссесі. Мақалада роман-эссенің бас кейіпкері қазақ әдебиетінің ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің образын жасаудағы портрет пен диалогтің көркемдіктің қызметі қаралды. Автордың портреттік сипаттауының өзіндік ерекшелігі бар. Роман-эсседе портрет, біріншіден, ұлы жазушының әрбір сөзіне ынтық, шексіз сүйіспеншілікке толы шәкірт көзімен бейнеленсе, екіншіден, кейіпкердің өзі төгіле сөйлеген лекция үстінде үнемі өзгеріп, жаңа қырымен танылады. Дарынды жазушының қолданысындағы диалог – кейіпкерлердің арасындағы сылдыр сөз емес, олардың тұлғалық сипатын ашудың, даралаудың көркемдік амал-тәсілдерінің бірі. Мақалада М.Әуезовтің портретінен қазақ халқының қайталанбас данышпандық келбеті мен оның диалогтерінен толысқан ақыл-парасат, шешендік, қайраткерлік танылатындығы шығармадан үзінділер беру арқылы талданды.  

Библиографиялық сілтемелер

1. Works Of Kabdolov Z. - Almaty: "Kazakh encyclopedia", 2014.Vol.6: novel-essay "My Auezov". Film script "Mukhtar-Agha". «...The word sarasi" cheese and song. – 320 P.

2. Modern Kazakh literature. The textbook. / B. Erdembekov, Zh. Aimukhambet, R. Turysbek, etc. – Almaty: LLP RPK "Daur", 2012 – 216 P.

3. Imangalieva G. typology dialogue: diss.: Kand. philol. Nauk: 10.01.01. - Almaty, 1999 – - 121 P.

4. Sultangalieva R. Function and semantic groups of dialogue in a work of Art / "Pravda", February, 2012

5. Nurgali R. Theory of literature. Astana: Foliant, 2003.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-07-01

Журналдың саны

Бөлім

Филология ғылымдары
Loading...