ӘЙЕЛДЕРДІҢ АНА БОЛУҒА ДАЙЫНДЫҒЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/KNRN8954Тірек сөздер:
ана болу, жүктілік, әлеуметтік-психологиялық қолдау, психологиялық дайындық , жауапкершілік , бала тууАңдатпа
Мақалада әлеуметтік-психологиялық қолдау және әйелдердің ана болуға дайындығы мәселесі қарастырылады. Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы болашақ ана мен оның отбасының психологиялық трансформациясы мәселесіне байланысты оның жалпы сипаттамасын жасау және оның психологиялық мазмұнын ашу маңызды. Болашақ анаға арнайы психологиялық дайындық жұмыстарын ұйымдастыру ерлі-зайыптылардың отбасылық әл-ауқатына тиімді ықпал етеді, жүктілік кезіндегі қиындықтардың алдын-алады, олардың ұрпақ тәрбиелеуге деген сенімін арттырады. Жақсы ана болу үшін жүктілікке дайын болу керек. Егер жүкті әйелде қорқыныш, алаңдаушылық сезімі болмаса, онда ол акушердің нұсқауларын толығымен орындайды. Барлық болашақ ата-аналардың қалауы - дені сау баланың дүниеге келуі. Босануға дайындық бойынша арнайы ұйымдастырылған психологиялық сабақтарда осы зерттеуде талқыланған қатынастардың себептерін талдау өте маңызды, сонымен қатар босану және жүктілік ерекшеліктері, босану кезіндегі мінез-құлық ерекшеліктері, босануға дайындық және баланы тәрбиелеу туралы мәліметтерді зерттеуге назар аудару қажет. Жүктілік кезінде болашақ аналар үшін жақындарының қолдауын, психологиялық көмек көрсетуге дайын екендіктерін сезіну өте маңызды. Болашақ анаға психологиялық қолдау көрсету мен жүктілік кезеңіндегі әртүрлі халықтардың ұлттық ерекшеліктері туралы да ақпараттар қарастырылады.
Библиографиялық сілтемелер
1. Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 01.09.2023 [Электронды ресурс] Кіру режимі: https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-adiletti-kazakstannyn-ekonomikalyk-bagdary-atty-kazakstan-halkyna-zholdauy-18333 Қаралған күні: 15.02.2025
2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 19.03.2010. [Электронды ресурс] Кіру режимі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1600000176 Қаралған күні: 15.02.2025
3. Ана мен бала денсаулығын сақтау Қазақстан Республикасының 2020 дейінгі Стратегиялық даму жоспары. Астана, 15.02.2018. [Электронды ресурс] Кіру режимі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U100000922_ Қаралған күні: 15.02.2025
4. Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі жалпыұлттық тұжырымдамасы. Астана, 31.12.2013. [Электронды ресурс] Кіру режимі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1300001443/history Қаралған күні: 15.02.2025
5. Филиппова, Г.Г. Психология материнства: Учебное пособие [Текст] / Г.Г. Филипопова. - М.: Изд-во Института Психотерапии, 2002. — 240 с.
6. Грибкова, В.Функциональные роли родительства [Текст] / В. Грибкова. - М., 2001.
7. Сарыбекова, Ж.Т. Қыздар тәрбиесі. Оқу құралы [Мәтін] / Ж.Т. Сарыбекова. - Алматы: 2015. - 273 б.