ДИЗЕЛЬ ЖАНАРМАЙЫНЫҢ СЕРПІМДІЛІК ЖӘНЕ ЖЫЛУЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНЕ ТЕМПЕРАТУРАНЫҢ ӘСЕРІН АКУСТИКАЛЫҚ ӘДІСІПЕН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/RYXK3365Тірек сөздер:
қума толқын, теориялық және адиабаталық коэффициенттер, жылусыйымдылықтарАңдатпа
Мақалада – қыстық арктикалық дизель жанармайының тығыздығының, онда тарайтын ультрадыбыс толқынының жылдамдығының, адиабаталық сығылғыштық және көлемдік жылулық ұлғаю коэффициенттерінің, тұрақты қысым мен көлемдегі жылусыйымдылықтарының қатынастарының температураға тәуелділігін тәжірибе жүзінде өлшенген параметрлердің көмегімен есептеп анықтадық. Экспериметтер жүргізу мақсатында сұйықтардағы серпімді қума толқынның жылдадығының температураға тәуелділігін анықтайтын автоматтандырылған қондырғы жинастырдық. Ультрадыбыстық импульсті жүйе резонанстық жиілігі 5 МГц кварц пьезоэлементтен, электр тербелістерін қоздыратын генератордан, күшейткіштен және қабылдағыш пен өлшеуіш құралдардан тұрады. Зерттелген үлгінің тығыздығының теператураға тәуелділігін арнайы ыдыстың ішінде орналасқан термометр мен ариометрдің көмегімен өлшедік.
Кварцтан жасалған пьезоэлементке генератор уақыт бойынша қысқа жоғары жиліктегі электр импульстерін береді. Электр импульстерін кварц пластинасы зерттелетін үлгіде тарайтын ультрадыбыс толқындарына түрлендіреді. Шағылып пьезоэлементке келген толқындық импульс қайтадан электр импульстеріне түрлендіріліп импульсті ультрадыбыс жүйесіне беріледі. Зерттеу барысында біз ультрадыбыс толқынының көзі және қабылдағыш ретінде қуматолқынның туындалатын бір пьезоэлементті қолдандандық. Өйткені резонанстық жиіліктері бірдей кварц пластиналарын жасау үлкен техникалық қиындықтар туғызды. Тәжірибелік өлшеулер мен теориялық есептеулердің нәтижесінде Арктикалық дизель майының тығыздығының, ондағы қума толқынының жылдамдығының, жылулық ұлғаю және адиабаталық коэффициенттерінің, тұрақты қысымдағы жылусыйымдылығының тұрақты көлемдегі жылусыйымдылыққа қатынасының температураға тәуелділігін алғаш рет анықтап, графиктерін тұрғыздық.
Библиографиялық сілтемелер
1. Бижигитов, Т. Методы исследования температурный зависимости адиабатических коэффициентов сжатия жидкого топлива [Текст] / Т. Бижигитов., А.Сембиева, А.Таттибай // Наука и Мир. Международный научный журнал, №5(93), 2021
2. Бижигитов, Т. Исследование модулей упругости проводников с использованием упругих волн [Текст] / Т.Бижигитов., А.Сембиева., Ж.Досыбаев // Наука и мир, Международный научный журнал №5(117), 2023
3. Bizhigitov, T. The studu of the thermal coefficients and liquids heat capacity dependence on temperature using the acoustic method [Text] / T. Bizhigitov, A. Sembiyeva; A. Кayzbekova // Science and world, International scienftic journal, №4(80), 2020, vol.1.
4. Кухлинг, Х. Справочник по физике [Текст] / Х. Кухлинг. - Москва, «Мир», 1983, с.491
5. Бижигитов, Т. Жалпы физика курсы. Оқулық, 1 том, Механика Молекулалық физика [Мәтін] / Т. Бижігітов. - Алматы, «Лантар books», 2024, 492 б.
6. Бижигитов, Т. Статистикалық физика. Физикалық кинетика негіздері. Оқулық [Текст] / Т.Бижигитов. - Алматы, «Альманахъ»2022, 256 б.
7. Базаров, И.П. Термодинаммика. Учебник [Текст] / И.П. Базаров. - Москва, «Высшая школа», 1991, с.374