МЕДИАМӘДЕНИЕТ КЕҢІСТІГІНДЕ ТҰЛҒАНЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ЗОРЫҒУЫН АЛДЫН АЛУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.55956/Тірек сөздер:
медиамәдениет, медиа білім, медиамәдениет кеңістігі, эмоционалды зорығу, жасанды интеллектАңдатпа
Мақалада медиамәдениет кеңістігінде тұлғаның эмоционалды зорығуын алдын алудың психологиялық аспектілері туралы мәселе қарастырылады. Медиамәдениет кеңістігі – тарихи, қоғамдық сананы қалыптастыру, тұлғаны әлеуметтендіру мен жаңа ортаға бейімдеу процесінде тұлғаның ақпараттық қарым-қатынас құралдары. Қазіргі заманғы ақпарат құралдарының ағыны, соның ішінде кеңінен қолданылатын жасанды интелектіні пайдаланудың жағымды және жағымсыз мүмкіндіктері тұлғаның психикалық күйіне ықпалы психология ғылымының өзекті мәселесіне айналды. Ол қоғамның индустриалды даму сатысынан жаңа цифрлық қоғам дәуіріне өту үрдісінде адамдардың психологиялық өзгерісімен сипатталады. Цифрлық технологияларды жаппай енгізудің салдарынан барлық жаңалықтар мен қажетті ақпараттар әлеуметтік желі арқылы таратылады. Өткен ғасырда соңғы жаңалықтарды алу үшін ата-бабаларымыз жаңа газет күтті. Ал қазіргі таңда оның қарқыны жеделдетілді және ол үшін біз әлеуметтік желіге шығуымыз керек. Бұл тез және қол жетімді, бірақ қауіпсіз бе? Сол себепті адам өзін және өзінің жеке деректерін қорғауы үшін медиа сауаттылықты дамыту қажет. Дегенмен, адамның әлеуметтік желіні үздіксіз пайдалануы психологиялық кері әсері оның эмоционалды зорығуына әкелуі мүмкін. Ол адамдар арасында шынайы қарым-қатынастың әлсіреуінде ықтималдылығы жоғары. Мұндай жағдайды алдын алу медиамәдениет кеңістігі арқылы жүзеге асырылады.
Библиографиялық сілтемелер
1. Kirillova, N.B. Media culture and the basics of media management – Yekaterinburg: Ural Publishing House. University, 2014. – 184 p.
2. Media education at school / Vartanova E. L., Smirnova O. V. and others.. – Collection of programs for teaching disciplines. Moscow: MediaMir, 2010. 320 p.
3. Potapov A.S. Technologies of artificial intelligence – St. Petersburg: St. Petersburg State University of ITMO, 2010. – 218 p.
4. Pressman L.P. Methods of using technical teaching aids: Screen and sound aids. Moscow: Prosveshchenie, 1988. 191 p.
5. McLuhan M. Understanding Media. Moscow: Zhukovsky, 2003.
6. Sharikov A.V. Media education: World and domestic experience. Moscow: Akademiya Publ., 2010. -65 p.
Жүктеулер
Жарияланды
Нұсқалар
- 2025-04-01 (3)
- 2025-03-31 (2)
- 2025-03-31 (1)