ГУМАНИТАРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ САЛАСЫНДА БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ

ГУМАНИТАРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ САЛАСЫНДА БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55956/

Тірек сөздер:

Гуманитарлық деректер, цифрлық гуманитаристика, философия, талдау, технологиялар.

Аңдатпа

Гуманитарлық деректерді талдау саласында бағдарламалық және аппараттық құралдардың философиялық маңызы бүгінгі цифрлық дәуірде өзекті мәселелердің біріне айналды. Бұл құралдар ақпаратты өңдеу мен зерттеу процесін жеңілдеткенімен, олардың қолданылуы философиялық және этикалық сұрақтарды алға қояды. Цифрлық технологиялар адамның танымдық шекарасын кеңейтіп, жаңа әдіснамалық мүмкіндіктер ұсынғанымен, олар деректердің объективтілігі, алгоритмдердің бейтараптығы және деректерді интерпретациялау процестеріне қатысты күрделі мәселелер туындатады. Бұл мақалада гуманитарлық деректерді талдауда қолданылатын бағдарламалық және аппараттық құралдардың философиялық қырлары қарастырылады және олардың қазіргі қоғамдағы маңыздылығы талданады.

Авторлар туралы мәліметтер

А.Е. Аккулиева

Аккулиева Асия Ертайкызы

1989 жылдың  4 - сәуірінде, Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген.

1996-2004 жылдары Тараз қаласының №44 қазақ орта мектебінде білім алды, 2004-2007 жылдары облыстық ерекше дарында балаларға арналған "Дарын" мектеп-интернатында гуманитарлық қазақ сыныбында оқыды. 2007 жылы осы мектеп-интернатты ерекше аттестатқа бітірді. 2007 жылдың жазында  Қазақ Ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінің, философия мамандығына 109 балмен грант ұтып алып,  2007-2011 жылдары  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінің, философия мамандығына оқып бакалавр дипломын иеленді. Қорғаған диплом тақырыбы «ХХғ-дың басындағы қазақ ойшылдарының құқықтық – философиялық қөзқарастары». Ғылыми жетекшісі: филос. ғ. д., профессор Алтаев Ж. А. 2011 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінің, философия мамандығының магистратурасына түсті. 2013 жылы сол мамандықта сәтті аяқтап, гуманитарлы ғылымдардың магистрі атанды.

2013 жылы қыркүйек айында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеттің Философия және саясаттану кафедрасының оқытушы қызметіне орналасты.

2018 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеттің Философия және саясаттану кафедрасының аға оқытушы қызметіне ауысты.

2023 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінің, «саяси философия» мамандығына докторантураға түсті.

Тұрмыста, 3 баласы бар.

Г.Ж. Нұрышева

Гүлжихан Жұмабайқызы Нұрышева – философия ғылымдарының докторы, профессор, қазақ философиясы, философиялық антропология және мәдениет философиясы салаларындағы танымал зерттеуші. 1980 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетінің философия бөлімін бітірді. 1992 жылы «XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамының қоғамдық санасы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын, ал 2002 жылы «Адам өмірінің мәні мәселесінің қазақ философиясында көрінісі» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

Библиографиялық сілтемелер

1. Свенссон, П. Цифрлық гуманитаристика ландшафты // К. У. А. В. Херрманн және басқалар, Цифрлық платформаларға гуманитарлық көзқарастар. Рутледж, 2016. — 280 б.

2. Бодрийяр, Ж. Симулякры и симуляция. — Париж: Галимард, 1981. — 320 б.

3. Делёз, Ж., Гваттари, Ф. Тысяча плато. — Париж: Минюи, 1980. — 624 б.

4. Фуко, М. Наблюдать и наказывать. — Париж: Галимард, 1975. — 352 б.

5. DH2024 – Reinvention & Responsibility. https://dh2024.adho.org/ (2024).

6. Python Software Foundation. Python Programming Language. https://www.python.org/

7. NVivo. Qualitative Data Analysis Software. https://www.qsrinternational.com/nvivo-qualitative-data-analysis-software/home

8. Бриер, С. Ақпарат философиясы: Ақпараттық қоғам үшін концептуалды құрылым. — Спрингер, 2018. — 400 б.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-25

Журналдың саны

Бөлім

Философия
Loading...