АҚЫН-ҚАЛАМГЕР РАФАЭЛЬ НИЯЗБЕК ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ АЛАШШЫЛ МҰРАТ ПЕН АЗАТШЫЛ РУХ

АҚЫН-ҚАЛАМГЕР РАФАЭЛЬ НИЯЗБЕК ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ АЛАШШЫЛ МҰРАТ ПЕН АЗАТШЫЛ РУХ

Авторлар

  • Тұрысбек Р.С. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.55956/JORN9583

Тірек сөздер:

азаттық, елдік мүдде, тарих, тәуелсіздік, ұлт, заман, руханият, мәтін, сөз, стиль

Аңдатпа

Мақалада ақын-қаламгер Рафаэль Ниязбектің шығармашылық мұрасы, әсіресе поэзиясындағы азаматтық сарын мен азатшыл рух мәні, прозасындағы елдік мүдде мен ұлттық мұрат, тұлғатану мәселелері кең көлемде қарастырылады. Ақын-қаламгердің азаматтық ұстанымы мен елшіл-қоғамшыл бағыттағы әр алуан жанрдағы туындыларындағы іргелі ізденіс, тақырыптық ерекшелік, жанрлық-көркемдік сипаттар мәнінің өзіндік өзгешеліктері әр қырынан баяндалып, дәлелді дәлдік, нақтылы талдау, зейінді зерделеу, байыпты саралау-салыстырулар тұрғысынан сөз етіледі. Бұдан басқа, шағын, орта Һәм көлемді жанрлардағы шығармаларындағы қоғамдық құбылыстар мәні, заман шындығы, адам мұраты мен еңбек болмысы, ел-жердің тарихы, дәстүр мен дүниетаным, тұлға Һәм тұлғатану, руханият ісінің қазыналы қайнарлары, тәлім-тәрбие арналары кең түрде орын алады. Ақын –қаламгер мұраты мен ұстанымы, елдік мүдде мен руханият мәні көркем шығармашылық тұрғыдан байыпты баяндалып, зейінді зерделеніп, талдау-саралаулар нәтижесінде көзқарас пен қолтаңба ерекшелігі, тақырыпты ашу бағытындағы әр алуан ізденіс іздері, тұлға табиғатын тану мен жасау жолдары, ой-сөз жүйесі, тіл-стиль сипаттары айқын аңғарылады.

Библиографиялық сілтемелер

1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық [мәтін].- Алматы: Аруна, 2005. – 396 б.

2. Қазақ әдебиетінің тарихы. Тәуелсіздік кезеңі,10-том [мәтін]. – Алматы: Қаз Ақпарат, 2006. – 289 б.

3. Қабдолов З. Сөз өнері. Оқулық [мәтін] / З.Қабдолов. – Алматы: Мектеп, 1976.- 258 б.

4. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. 3-басылымы.-Семей-Новосибирск: Талер-Пресс, 2006. – 30 б.

5. Ниязбек Р. Көсем. Тарихи роман [мәтін] / Р.Ниязбек. – Алматы, 2021.- 676 б.

6. Қазіргі әдебиеттегі жалпыадамдық құндылықтар.- Алматы: Evo Press, 2014.- 708 б.

7. Қазақ романы: өткені мен бүгіні. Ұжымдық монография. – Алматы: «Алматы баспа үйі», 2009.- 644 б.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Филология ғылымдары
Loading...