МАРҒҰЛАН МҰРАСЫ –ҰЛТТЫҚ РУХАНИАТЫМЫЗДЫҢ ҚАЗЫНАСЫ

МАРҒҰЛАН МҰРАСЫ –ҰЛТТЫҚ РУХАНИАТЫМЫЗДЫҢ ҚАЗЫНАСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55956/

Тірек сөздер:

Тарих, қазақ, мәдениет, халық, ғылым, зерттеу

Аңдатпа

Әлкей Хақанұлы Марғұлан Қазақстан археология мектебінің негізін салушы, ғылымның көптеген салалары: этнография, тарих, шығыстану, әдебитетану, өнертану бойынша көрнекті қайраткер. Ол қазақ халқының тарихы мен әдебиетін зерттеуге зор еңбек сіңірді. Оның қаламынан туған тарих, археология, этнография, әдебиет және өнер салаларына қатысты ондаған кітап, үш жүзден астам ғылыми зерттеу және жүзден астам энциклопедиялық мақалалар жарық көрді. Әлекей Марғұлан Қазақстанның ежелгі тарихы мен археологиясына қатысты көптеген зерттеулер жүргізіп, қазақ халқының тарихи және мәдени мұрасын қайта жаңғыртуда маңызды рөл атқарған. Марғұланның негізгі еңбектері қазақ халқының көне дәуірлерінен бастап орта ғасырларына дейінгі тарихын зерттеуге арналды. Ол қазақ даласындағы ежелгі мәдениеттердің ізін зерттеп, археологиялық қазбалар жүргізіп, Орталық Азияның мәдениеті мен тарихы туралы жаңа деректер ұсынды. Оның ғылыми және педагогикалық қызметі қазақ мәдениетінің тарихын тереңінен түсіну мен зерттеу жолында маңызды қадам болып саналады.

Библиографиялық сілтемелер

Әдебиеттер тізімі

1 Ақышев К. Археология атасы // Ғұлама. Әлкей Марғұлан туралы естелік мақалалар, очерктер жинағы. – Павлодар: ЭКО, 2004. – 45 б.

2 Марғұлан Ә.Х. Ежелгі жыр аңыздар. Алматы: Жазушы, 1985. - 368 б.

3 Билял А.Б. Академик Ә.Х.Марғұлан еңбегіндегі қазақ халқының жыр – аңызының этнотарихи мұрасы // Көшпенділер өркениеті мен рухани мәдениетінің тарихы атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Павлодар: ЭКО, 2004. – 269 б.

4 Марғұлан Ә.Х. Қазақ халқының эпикалық әңгімелері туралы тарихи-әдебиеттік зерттеулер: Ф.ғ.д. дисс. – Алма-Ата–Москва, 1946. // Ә.Х. Марғұлан шығармалары. Алматы: Алатау. -2007. – ІІІ том. – 488 б.

5 Марғұлан Ә. Шоқан жазып алған «Манас» жыры // ҚазССР Ғылым академиясының Хабаршысы. – 1965. – № 8. – 10-29б.

6 Марғұлан Ә. Көкетайдың ертегісі // Манас жырының Шоқан жазып алған бөлігі. Аударған Марғұлан Ә. Алматы: Жазушы, 1973. – 111 б.

7 Марғұлан Ә. Архивтегі жазбалар // Жұлдыз. – 1985. – № 7.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-25

Журналдың саны

Бөлім

Тарих
Loading...