ИНТЕРАКТИВТІ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КАРТАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ФИЛОСОФИЯНЫ ОҚЫТУДАҒЫ РӨЛІ
DOI:
https://doi.org/10.55956/Тірек сөздер:
Интерактивті карталар, философиялық карталар, оқытудың инновациялық әдістері, философияны оқыту әдістері, білімді визуализациялау, білімді модельдеуАңдатпа
Мақала философияны оқытуда тиімді құрал ретінде интерактивті философиялық карталарды қолданудың тиімді жолдарын талдауға арналған. Лекциялар мен мәтіндерді талқылау сияқты философияны оқытудың дәстүрлі әдістерінде күрделі философиялық ұғымдарды, философиялық мектептер мен ілімдердің байланысын түсінуге өзіндік қиындықтары бар. Заманауи білім беру технологиялары философиялық идеяларды қол жетімді және көрнекі түрде ұсынуға бағытталған жаңа тәсілдерді ұсынады. Осындай әдістердің бірі-философиялық ұғымдарды және олардың өзара байланыстарын визуализациялауды қамтамасыз ететін интерактивті философиялық карталар. Бұл зерттеудің мақсаты-интерактивті философиялық карталардың философияны оқытудағы рөлін зерттеу, олардың артықшылықтары мен білім беру процесінде қолдану мүмкіндіктерін қарастыру. Философия пән ретінде өзінің абстрактілі және күрделілігіне байланысты оқыту процесінде бірқатар мәселелерге тап болады. Оқытудың дәстүрлі әдістері өзекті болып қалса да, заманауи білім беру технологиялары арқылы толықтырулар мен бейімделуді қажет етеді. Мақалада философиялық тұжырымдамалар мен теорияларды визуализациялау үшін философиялық карталарды қолданудың негізгі принциптері мен әдістері, сондай-ақ олардың материалды игеруді жақсартудағы және студенттердің сыни ойлауын дамытудағы рөлі қарастырылады. Сонымен қатар, интерактивті карталарды білім беру процесінде қолдану бойынша ұсыныстар мен олардың философияны оқытуда практикалық қолдану мысалдары қарастырылады. Білім беру тәжірибесінде интерактивті карталарды қолдану философиялық материалды тереңірек игереуге, сондай-ақ осы саладағы білім сапасын арттыруға ықпал етеді.
Библиографиялық сілтемелер
1. Уэллс, Г. Очерки истории цивилизации. [Текст] / Уэллс Г. - М.: Изд-во Эксмо, 2004. - 960 с.
2. Хабермас, Ю. Теория коммуникативной деятельности [Текст] / Ю.Хабермас. - М.: Издательство «Весь Мир». – 2022. - 880 с.
3. Илизаров, С.С. Обоснование в работе Г.Ф.Миллера над историческими источниками. [Текст] / С.С. Илизаров // Археографический ежегодник Учредители: Институт славяноведения РАН, Археографическая комиссия РАН. – 2011. – 208-235 с.
4. Keitsch M.M., Reichl V. Visual Philosophy: An Approach Towards Interpreting and Mediating Philosophical Ideas Through Visualization // Copenhagen Working Papers on Design. 2010. № 1. P. 89–99
5. Denes, A. Notes on a Visual Philosophy // Hyperion. 2006. Vol. 1, № 3. URL: http://www.nietzschecircle.com/ Visual_Philosophy_Denes.pdf (дата обращения: 10.09.2024).
6. Lawhead, W. The Philosophical Journey: An Interactive Approach / Lawhead, W. -Изд-во McGraw-Hill Education. 2013 у. 704 p. ISBN-13 978-0078038341
7. Рихтер, М. Немецкая версия «лингвистического поворота»: Райнхарт Козеллек и история политических и социальных концепций (Begriffsgeschichte). В: Кастильоне Д., Хэмпшер-Монк И. [Текст] / М.Рихтер. - Издательство Кембриджского университета. – 2001. - 58-79.
8. Петер, С. Критика цинического разума [Текст] / С.Петер. - Екатеринбург: У-Фактория.- 2009. - 800 с.
9. Карпушина, Д.Д. Интерактивная карта как визуальная информационная система предоставления информации [Текст] / Д.Д. Карпушина // Информационные технологии в науке и производстве : материалы IV Всерос. молодеж. науч.-техн. конф., 8–9 февр. 2017 г. Омск, 2017. С. 102–107.