МАРҒҰЛАН МҰРАСЫ –ҰЛТТЫҚ РУХАНИАТЫМЫЗДЫҢ ҚАЗЫНАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.55956/NUAC3201Тірек сөздер:
Тарих, қазақ, мәдениет, халық, ғылым, зерттеуАңдатпа
Әлкей Хақанұлы Марғұлан Қазақстан археология мектебінің негізін салушы, ғылымның көптеген салалары: этнография, тарих, шығыстану, әдебитетану, өнертану бойынша көрнекті қайраткер. Ол қазақ халқының тарихы мен әдебиетін зерттеуге зор еңбек сіңірді. Оның қаламынан туған тарих, археология, этнография, әдебиет және өнер салаларына қатысты ондаған кітап, үш жүзден астам ғылыми зерттеу және жүзден астам энциклопедиялық мақалалар жарық көрді. Әлекей Марғұлан Қазақстанның ежелгі тарихы мен археологиясына қатысты көптеген зерттеулер жүргізіп, қазақ халқының тарихи және мәдени мұрасын қайта жаңғыртуда маңызды рөл атқарған. Марғұланның негізгі еңбектері қазақ халқының көне дәуірлерінен бастап орта ғасырларына дейінгі тарихын зерттеуге арналды. Ол қазақ даласындағы ежелгі мәдениеттердің ізін зерттеп, археологиялық қазбалар жүргізіп, Орталық Азияның мәдениеті мен тарихы туралы жаңа деректер ұсынды. Оның ғылыми және педагогикалық қызметі қазақ мәдениетінің тарихын тереңінен түсіну мен зерттеу жолында маңызды қадам болып саналады.
Библиографиялық сілтемелер
1. Ақышев, К. Археология атасы [Мәтін] / К.Ақышев // Ғұлама. Әлкей Марғұлан туралы естелік мақалалар, очерктер жинағы. – Павлодар: ЭКО, 2004. – 45 б.
2. Марғұлан, Ә.Х. Ежелгі жыр аңыздар [Мәтін] / Ә.Х.Марғұлан. - Алматы: Жазушы, 1985. - 368 б.
3. Билял, А.Б. Академик Ә.Х.Марғұлан еңбегіндегі қазақ халқының жыр – аңызының этнотарихи мұрасы [Мәтін] / А.Б. Билял // Көшпенділер өркениеті мен рухани мәдениетінің тарихы атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Павлодар: ЭКО, 2004. – 269 б.
4. Марғұлан, Ә.Х. Қазақ халқының эпикалық әңгімелері туралы тарихи-әдебиеттік зерттеулер: ф.ғ.д. дисс. – Алма-Ата–Москва, 1946.
5. Марғұлан, Ә. Шоқан жазып алған «Манас» жыры [Мәтін] / Ә.Марғұлан // ҚазССР Ғылым академиясының Хабаршысы. – 1965. – № 8. – 10-29б.
6. Марғұлан, Ә. Көкетайдың ертегісі [Мәтін] / Ә.Марғұлан. – Алматы:Жазушы. – 1973. – 111 б.
7. Марғұлан, Ә. Архивтегі жазбалар [Мәтін] / Ә.Марғұлан. – Алматы: Жұлдыз. – 1985. - № 7