«ЦИФРЛЫҚ АЗАМАТ» ФЕНОМЕНІ: ХХІ ҒАСЫР АДАМЫНЫҢ САЯСИ АНТРОПОЛОГИЯСЫ

«ЦИФРЛЫҚ АЗАМАТ» ФЕНОМЕНІ: ХХІ ҒАСЫР АДАМЫНЫҢ САЯСИ АНТРОПОЛОГИЯСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55956/

Тірек сөздер:

цифрлық азамат, саяси антропология, саяси мәдениет, цифрландыру, саяси бірегейлік, ақпараттық қоғам

Аңдатпа

Бұл мақалада ХХІ ғасырдағы қоғамдық-саяси трансформациялар контекстінде қалыптасып отырған «цифрлық азамат» феномені саяси антропология тұрғысынан талданады. Зерттеудің негізгі мақсаты – цифрландыру үдерістерінің адамның саяси болмысына, саяси мәдениетіне және азаматтық қатысу формаларына тигізетін ықпалын анықтау. Мақалада мәдени-антропологиялық және саясаттанулық теориялар негізінде қазіргі адамның саяси идентичностінің өзгеруі, цифрлық кеңістіктегі саяси мінез-құлық үлгілері мен жаңа коммуникациялық тәжірибелер қарастырылады.

Зерттеу барысында салыстырмалы талдау, жүйелік тәсіл, құрылымдық-функционалдық және интерпретативті әдістер қолданылды. Нәтижесінде цифрлық технологиялар адамның саяси субъект ретіндегі рөлін күшейтіп қана қоймай, сонымен қатар саяси манипуляция, ақпараттық тәуелділік және символдық билік формаларының жаңа түрлерін қалыптастыратыны анықталды.

Зерттеу нәтижелері қазіргі саяси процестерді түсіндіруде мәдени-антропологиялық көзқарастың маңыздылығын көрсетеді. Мақаланың ғылыми құндылығы – «цифрлық азамат» ұғымын саяси антропология аясында кешенді түрде талдауында. Практикалық маңызы цифрлық қоғам жағдайында саяси мәдениетті дамыту, азаматтық белсенділікті арттыру және ақпараттық қауіпсіздік саясатын жетілдіруде қолданылу мүмкіндігімен айқындалады.

Библиографиялық сілтемелер

1. Kenesov A. Digital citizenship in the 21st century: Analyzing the impact of social media on youth political activism and civic engagement // Eurasian Science Review: An International Peer Reviewed Multidisciplinary Journal. – 2024. – Vol. 2, No 2. – P. 70–76. DOI: 10.63034/esr 53.

2. Gürel D., Dilek H., Gül B., Telliler F., Özakçil H., Atay T. The Relationship between Digital Citizenship and Political Participation Skills: An Investigation on University Students // Ihlara Journal Educational Research. – 2025. – Vol. 10, No 2. – P. 195–209. DOI: 10.47479/ihead.1673298.

3. Oser J., How Citizenship Norms and Digital Media Use Affect Political Participation: A Two Wave Panel Analysis // Media and Communication. – 2022. – Vol. 10, No 3. -P. 206–218. DOI: 10.17645/mac.v10i3.5482.

4. Taylor S. Social Media and Political Activism in Digital Democracies // Frontiers of Humanities & Social Sciences. – 2023. – Vol. 5, No 1. – P. 36. DOI: 10.69610/j.fhss.20230222.

5. Inguanzo I., Ardèvol Abreu A. et al. Contentious Politics in a Digital World: Studies on Social Activism, Protest, and Polarization // Media and Communication. – 2022. – Vol. 10, No 4. – P. 1-4. DOI: 10.17645/mac.v10i4.6270.

6. Sorensen L. Symbolic Politics Meets Digital Media: Research on Political Meaning Making // in: Dutton W. H. (ed.) A Research Agenda for Digital Politics. – Cheltenham & Northampton: Edward Elgar Publishing Ltd., 2020. – P. 133–145.

7. Keith, D. . (2023). The Impact of Social Media on Political Activism. International Journal of Humanity and Social Sciences, 1(1), 16–29. https://doi.org/10.47941/ijhss.1429

Жүктеулер

Жарияланды

2026-07-01

Журналдың саны

Бөлім

Саясаттану
Loading...