ҚАЗІРГІ ОРЫС ТІЛІ БОЙЫНША САБАҚТАРЫНДАҒЫ СИНТАКСИСТІК ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАЗІРГІ ОРЫС ТІЛІ БОЙЫНША САБАҚТАРЫНДАҒЫ СИНТАКСИСТІК ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55956/YKWY9857

Тірек сөздер:

экспрессивтік синтаксис, экспрессивтік синтаксис құралымдары, лексикалық қайталану, , синтаксистік таралуы бар лексикалық қайталану, қайталану экспрессивтілігіне әсер ететін факторлар, синтаксистік деңгей.

Аңдатпа

Бұл зерттеу өзектілігі қазіргі лингвистикалық ғылымдағы грамматика, оның ішінде синтаксистің сараптамалық түрлеріне назар аударудың белсенділігімен негізделген. Сараптамалық синтаксистік құралымдар мәтін құрылымында нақты экспрессиві түрде қолданылады және тереңдетілген зерттеуді талап етеді. Синтаксис деңгейіндегі экспрессияны талдау көптеген мәселелерді шешуді қарастырады, олардың ішінде тілдің зияткерлік (атаулы, ақпараттық, рационалды, қисынды) және аффектілік салаларының ара қатынасы; тілдің аффектілік саласының тілге немесе сөйлеуге қатысы; аффектілік саласы құраушыларын анықтау (экспрессивтілік, эмоционалдық, бейнелілік және т.б.). Белгіленген мәселеге байланысты синтаксис деңгейінде экспрессияны түсінуде екі бағыт ажыратылады. Біріншісі экспрессивтілікті субъективті молдалдықпен байланыстырады. Екіншісі – экспрессияны құрылымды өзгерістермен сүйемелденетін жазбаша тілдің ерекше тәсілі ретінде, оның ішінде синтагматикалық тізбектің бұзылуымен байланыстырады. Синтаксистік бөлшектену ұғымы синтагматикалық проза қағидаттарынан бірқатар ауытқу ретінде түсіндіріледі. Экспрессивті құралымдар ашық қатарды құрайды. Көбінесе оларға парцелляция, сегментация, синтаксистік таралуы бар лексикалық қайталануларды және кейбір басқа құбылыстарды жатқызады. Мақалада лексикалық қайталануы бар құралымдар әр түрлі ракурстан талданады: қайталанатын бірліктердің түйіспелілігі немесе түйіспегендік тұрғыдан, төменгі немесе жоғары синтаксистік деңгейіне қатысымы, таралғандық немесе таралмағандық факторы тұрғыдан, көп рет қайталану және т.б. тұрғыдан. Сонымен қатар, лексикалық қайталану кейіпкердің, сондай-ақ автордың сөзінде көп қызмет атқаратын құрал ретінде сипатталады. Жүргізілген зерттеудің тұжырымдамасы заңды: негізгі тақырыптық-қисынды ақпарат көзқарасы тұрғысынан артық лексикалық қайталану шығарманың мәтнді кеңістігін нақтылайтын тиімді, бейнелі құрал болып табылады.

Библиографиялық сілтемелер

1.Балли Ш. Жалпы лингвистика және француз тілінің мәселелері [Мәтін] / Ш.Балли - М.,1955. – 412 б.

2. Матезиус В. Тіл және стиль [Мәтін] / В. Матезиус В. – Прага лигвистикалық үйірме, М., 1967. – 212 б.

3.Золотова Г.А. Синтаксистің коммуникативтік аспектілері [Мәтін] / Г.А. Золотова - "Наука", М., 1982. – 363 б.

4.Галкина-Федорук Е. М. Тілдегі экспрессивтілік пен эмоционалдық туралы [Мәтін] / Е. М.Галкина-Федорук // Тіл білімі бойынша мақалалар жинағы: - М., Наука, 1958. – 103-124 бб.

5. Акимова Г. Н. Орыс тілі синтаксисіндегі жаңышылдық [Мәтін] / Г. Н. Акимова – Высшая школа, М., 1990. – 166 б.

6. Шукшин В. Бір томдағы әңгімелердің толық жинағы [Мәтін] / В.Шукшин – Эксмо, М., 2012. – 942б.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-07-08

Журналдың саны

Бөлім

Филология ғылымдары
Loading...