МЕКТЕПТЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.55956/RDJJ1991Тірек сөздер:
Мектеп, Кілт сөздер: ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілік, цифрлық сауаттылық, АКТ, білім беру, интерактивті оқыту, киберқауіпсіздік, онлайн платформалар, цифрлық білім беру ресурстары, коммуникациялық дағдылар.Аңдатпа
Аңдатпа: Бұл мақалада химия пәнін оқытуда цифрлық ресуртарды пайдалану тиімділігі қарастырылады. Зерттеу жұмысы 8 сыныпта «Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы» тақырыбын оқыту негізінде жүргізілді. Зерттеу жұмысында бір сыныпта цифрлық ресурстарды қолданылып сабақ өтілсе, екінші сыныпта дәстүрлі оқыту форматы негізінде сабақ өткізілді. Оқушыларға әртүрлі деңгейдегі теориялық, практикалық тапсырмалар ұсынылды. Оқушылардың білім сапасы пайыздық көрсеткіштер арқылы, ал пәнге деген қызығушылығы сауалнамала арқылыанықталып, салыстырмалы түрде талданды. Зерттеу барысында жеке, жұптық, топтық тапсырмалар болды. Химия пәні бойынша цифрлық ресурстар көмегімен сабақ барысында жүзеге асыруға болатын тәсілдер енгізіліп, мысал ретінде көрсетілген. Мақалада осы екі әдістің артықшылықтары мен кемшіліктері салыстырылды. Цифрлық ресурстарды сабақта тиімді пайдаланса, білім сапасын арттыруға болатыны туралы қорытынды жасалды.Сауалнама нәтижелері бойынша оқушылардың басым бөлігі цифрлық ресурстарды қолдану оқу материалын жеңілдететінін және білімді меңгеруге тиімді болатынын, сондай-ақ сабаққа қызығушылықты арттырып, оқу үдерісіндегі белсенділікті күшейтетінін атап өтті.. Сабақ барысында Canva қосымшасымен жасалынған сайт, 3Д Менделеев кестесі, әр түрлі анимациялар пайдаланылды. Зерттеу нәтижесінде цифрлық ресурстарды қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ұлғайтып, оқуда белсенділіктерін арттыруға ықпал ететінін көрсетті.
Библиографиялық сілтемелер
Әдебиеттер тізімі
1. Баймұхамедов М.Ф., Баймұхамедова А.М., Боранбаев С.Н. Жасанды интеллект: қазіргі заманғы теория және тәжірибе: оқу құралы. ‒ Алматы: "Бастау", 2020. ‒ 248 б.
2. Бузаубакова К.Д., Беделбаева А.Е. Цифрлы білім беру ортасындағы педагогтің қызметі:Оқулық ‒ Тараз:" Ип Бейсенбекова А.Ж.", 2023. ‒ 128 б.
3. Сагалиева Ж.К. Білім беру кеңістігіндегі цифрлық педагогика / Цифровая педагогика вобразовательном пространстве: Оқу құралы. ‒ Алматы: "Бастау", 2020. ‒ 388 б.1
4. Бөрібекова, Ф.Б. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар [Мәтін]: Оқулық / Ф.Бөрібекова, Н. Ж. Жанатбекова. – Алматы: 2014. – .360.
5. Хайновский, С.Е. Интерактивные методы обучения и их актуальность на сегодняший день [Текст] / С.Е. Хайновский // Pedagogical Journal.Vol.12 – 2022. С.296-304.

