СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Авторлар

  • Балжан Базарбай Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • А.Б. Узакова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.55956/BXNC3187

Тірек сөздер:

Кәсіби құзыреттілік, химияны оқыту әдістемесі, Сыни ойлау

Аңдатпа

Аңдатпа. Бұл мақалада химияны оқыту барысында білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту – қазіргі заманғы білім беру жүйесінде маңызды екені көрсетіледі. Жоғары оқу орындарында кәсіби құзыреттілікке бағытталған сыни ойлауды жетілдіруге ықпал ететін әдістерді тәжірибелік әрекеттер арқылы қолдану қарастырылады. Білім алушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту мақсатында теориялық білімдерді практикалық тапсырмалар, зертханалық жұмыстар және жобалық іс-әрекеттер арқылы нақтылауға мүмкіндік беретін әдістеме әзірлеу және оны теориялық-эксперименттік тұрғыдан негіздеу мәселелері қарастырылады. Мақалада оқытудың тиімді әдістеріне, инновациялық технологияларды енгізуге және студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуға қатысты нақты ұсыныстар беріледі. Кәсіби құзыреттілікке бағытталған оқыту – бұл педагогикалық қызметтің методологиялық бағыты, идеялар мен түрлі әдіс-тәсілдер арқылы студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал етеді. Сыни тұрғыдан ойлау химия материалдарын терең меңгеруден басталып, берілген тапсырмаларды шеше алу және ой қорытындысын жасау арқылы жүзеге асады.

Зерттеу нәтижесінде әр студенттің ойлау қабілеті біршама деңгейде дамып, тапсырмаларды орындау арқылы өздік жұмыстарын ұйымдастыруға және өзін-өзі бағалауға ойын еркін жеткізуге дағдыланады. Дәстүрлі оқыту әдістері мен заманауи технологиялардың артықшылықтары жан-жақты талданады. Мақалада зерттеу бойынша негізгі концептуалды мәселелер, сондай-ақ студенттердің шығармашылық және soft skiils (жұмсақ дағдыларын) дамытуда химияны оқыту әдістемесі бойынша білімінің рөлі көрсетіледі.

 

Библиографиялық сілтемелер

Әдебиеттер тізімі

1. Uzuntiryaki-Kondakchi E., Chapa-Aydin Yu. Predicting the critical thinking abilities of university students through metacognitive self-regulation skills and self-efficacy in chemistry // Kuram ve Uygulamada Eğitim Bilimleri. – 2013. – Vol. 13, No. 1. – P. 666–670.

2. Жұмалиева К. Білім беруде сыни ойлауды дамыту технологиялары. – Алматы: Білім, 2019.

3. Facione, P. Critical Thinking: What It Is and Why It Counts. – Insight Assessment, 2011.

4. Бенашвили В.М. Критическое мышление и образование: теоретические основы и методологические вопросы. – Москва: Владос, 2011. – 240 с.

5. Стрижак С. В. Формирование профессионально-педагогической компетентности будущих учителей химии / С. В. Стрижак // International Journal of Experimental Education. – 2015. – № 4. – С. 236 – 238

6. Синкина Е.А. Формирование профессиональных компетенций бакалавров в рамках реализации сетевого взаимодействия: теория и практика [Электронный ресурс]: монография / Е.А. Синкина, О.В. Тарасюк, А.М. Ханов. Екатеринбург: Изд-во Рос. гос. проф.-пед. ун-та, 2017. 146 с.

7. Петровский, А. М. Профессиональная компетентность специалиста в области организации и управления химическим производством / А. М. Петровский // Мир науки. Педагогика и психология. – 2022. – Т. 10, № 2.

8. .Саранцев Г.И. Жеке тұлға: өзін-өзі қамтамасыз ету және қоғамдық міндеттерді орындау. – Санкт-Петербург: Издательство, 2018. – 417 б.

9. Жұмабаев, Т.С. Жоғары оқу орындарында белсенді оқытудың әдістері. ҚазПедагогика, 2018, 2(10), 45–50.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Жаратылыстану ғылымдары
Loading...