Мақсат, міндеттер
"Dulaty University хабаршысы" ғылыми журналының мақсаты қазіргі педагогика, филология, экономика, техника, заң, философия, психология, саясаттану, журналистика, мәдениет және өнер, Дене тәрбиесі және спорт, әлеуметтану мен жаратылыстану ғылымдары мәселелері бойынша өзекті теориялық және эксперименттік ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін отандық және шетелдік ғылыми қоғамдастық арасында жариялау және тарату болып табылады,.
Журнал мақсатына жету үшін орындалуы тиіс міндеттер:
- «Dulaty University Хабаршысы» журналын ҚР МАМ Ақпарат комитетінде тіркеуден өткізу және мерзімдік басылымдар тізіміне есепке қою жөнінде куәлік алу;
- журналды халықаралық мерзімді басылымдар базасына енгізу және ISSN, eISSN номерлерін алу;
- отандық және шетелдік ғалымдардың, мамандардың, магистранттар мен докторанттардың өзекті ғылыми зерттеулерінің жаңа теориялық және эксперименталдық нәтижелерін мемлекеттік және шет тілдерінде жариялау;
- мақала жариялау ісінде, редакциялық үрдістерде COPE белгілеген әдеп қағидаттарын ұстану;
- журналда жарияланатын әр мақалаға жеке DOI индексін тағайындау және оны Crossref компаниясында тіркеу;
- редакциялық алқа жұмысына, мақалаларды рецензиялауға Ресей, Германия, Чехия, Беларусь, Өзбекстан елдерінің, сондай-ақ басқа да алыс және жақын шет елдердің беделді ғалымдарын тарту;
- журналдың халықаралық және қазақстандық сілтемелер дерекқорларында тарату;
- журналды ҚР ҒжЖБМ-нің Сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2-тізіміне енуін қамтамасыз ету;
- журналды ГОСТ 7.5-98 «Журналы, сборники, информационные издания. Издательское оформление публикуемых материалов» және ГОСТ 7.1-2003 «Библиографическая запись. Библиографическое описание. Общие требования и правила составления» базалық баспа ісі стандарттарының талаптарына және ҚР БжҒМ №20 бұйрығының (12.01.2016 ж. қабылданған) талаптарына сәйкестігін сақтау;
- журналдың таралымын кеңейту мақсатында «Қазпошта» АҚ жазылу индексін тіркеу;
- қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі журналдың электрондық сайтын дайындау және оның контентін үнемі жаңартып отыру арқылы ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- журналға мақалалар қабылдау, оларды рецензиялау жұмыстарын цифрландыру мақсатында Open Journal Systems (OJS) жүйесін пайдалану;
- мақалалар шынайылығын қамтамасыз ету үшін қабылданатын мақалаларды антиплагиат жүйесімен тексеру;
- беделді ғалымдарды тарта отырып, мақалаларды сапалы рецензиялау;
- редакциялық алқа, авторлар арасынан мерейтой иелерінің ғылыми жетістіктерімен таныстыру.
Аталған міндеттерді жүзеге асыру барысында журнал беделінің артуына, заманауи ғылыми басылымдар арасында өз ортасын қалыптастыруына мүмкіндік ашылады.