Жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтың алдын алудың психологиялық аспектілері

Жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтың алдын алудың психологиялық аспектілері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55956/BIEE6164

Тірек сөздер:

жасөспірім, агрессия, асоциалды әрекеттер, девиантты мінез-құлық, әлеуметтік орта, психокоррекция.

Аңдатпа

Бұл ғылыми мақалада жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың алдын алу мәселесінің психологиялық аспектілері кешенді түрде қарастырылады. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – жасөспірімдік кезеңде жиі байқалатын девиантты мінез-құлықтың пайда болу себептерін анықтау, сондай-ақ оның алдын алу үдерісінде қолданылатын психологиялық ықпал ету тетіктерін ғылыми тұрғыда талдау болып табылады.

Зерттеу барысында теориялық талдау, салыстырмалы зерттеу әдістері, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге жүйелі шолу жасау және ғылыми деректерді талдап, жалпылау тәсілдері қолданылды. Мақалада жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың алдын алуға бағытталған психологиялық профилактиканың негізгі бағыттары сипатталып, олардың әлеуметтік бейімделуін күшейтуге арналған психокоррекциялық жұмыстардың ғылыми-практикалық маңызы айқындалды. Сонымен қатар жасөспірімдердің тұлғалық дамуын қолдауға, олардың эмоциялық тұрақтылығын арттыруға және әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған психологиялық қолдау бағдарламаларының тиімділігі қарастырылды.

Зерттеу нәтижелері білім беру ұйымдарында жүргізілетін тәрбие жұмыстарының мазмұнын жетілдіруде, мектеп психологтарының практикалық қызметінде және жасөспірімдермен жүргізілетін профилактикалық бағдарламаларды ұйымдастыруда қолдануға мүмкіндік береді. Зерттеудің ғылыми құндылығы жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың алдын алуда қолданылатын кешенді психологиялық тәсілдерді жүйелеу және олардың тиімділігін ғылыми тұрғыда негіздеу арқылы айқындалады.

Библиографиялық сілтемелер

1. Аймауытов, Ж. Психология: //Оқулық. – [Мәтін]: Алматы: Рауан, 2018. – 336 б.

2. Ақажанова, А.Т. Девиантология: // Оқу құралы. – [Мәтін]:. – Алматы: Нұр-пресс, 2019–124б.

3. Көмекбаева, Л.К. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру/ Мектеп психологтары мен мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқау. Алматы: Қайнар, –2015 .

4. Мендельевич, В.Д. «Девианттық мінез-құлық психологиясы» Оқу құралы. [Мәтін]: СПб.: – Реч, 2009.

5. Божович, Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте: // Монография. [Текст]: – Москва: Педагогика, 2008. – 352 с.

6. Сариева, М.Б. / Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың психологиялық ерекшеліктері бала еркінің дамып жетілмеуі оның өз іс - əрекетін, мінез – құлқын бақылау.– Арқалық, 2018

7. Немов, Р.С. Психология: // учебник для студентов высших учебных заведений. В 3 кн. Кн. 1. – Москва: Владос, 2019. – 687 с.

8. Заиниддиновна, Р.Д. Психологические особенности профилактики девиантного поведения среди несовершеннолетних. Психоздоровье: // Научный журнал психологии и психического здоровья. 2025. – Том 1(2). – С. 85–86.

9. Чиманов, А.Б. Социально – психологические и индивидуальные факторы формирования девиянтного поведения. // Международный журнал искусственного интеллекта. 2025. – №16. – С.162– 164.

10. Ян, Ю. Влияние структуры семьи на девантное поведение и депрессию у подростков. Ю. Ян, Дж. Цзян. Общественное здравохранение.2023. – №217. – С.264–266.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Психология ғылымдары
Loading...